«Нұр Отан» ХДП Жоғары партиялық мектебін ашты
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлемдегі бірде-бір партия өзінің кадрларын даярламай өмір сүре алмайды. Осыған байланысты «Нұр Отан» өзінің дамуының 10 жылдық тарихи кезеңін өткере келе, әр кезеңде түрлі мақсаттарды белгіледі. Қазіргі заманғы кезеңде біз партияны жетілдіруіміз керек. Осы тұрғыда бұл мақсатты шешудің құрамдас бөлігі болып партиялық білім белгіленуі тиіс»,-деп атап өтті «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин.
«Біздің негізгі күшіміз саналатын бастауыш партия ұйымдары басшыларының білімі маңызды. Олардың тәжірибесін жетілдіру, жаңа идеялар мен қадамдар жасауға жол ашатын жоғары партиялық мектептің орны да ерекше, маңызы да зор. Бұл мектеп сонымен бірге партияның жұмысын күшейтіп, беделін көтеруге үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. Биыл партиялық мектепті Астанада, батыстағы Ақтөбеде ашып, алдағы уақытта еліміздің барлық аймақтарын қамтуды жоспарлап отырмыз»,-деді ол.
Атап айтқанда, алдағы жылы еліміздің барлық аймақтарын оқу үрдісімен қамтуға мүмкіндік беретін тағы да үш аймақтық бөлім ашу қарастырылып отыр. Осы орайда партиялық мектепте білімін арттырып, арнайы сертификат алғандар партияның кадрлық резервіне есепке алынып, одан әрі жоғары партиялық-саяси қызметтерге орналасуға ұсынылатын болады.