«Нұр Отан» ХІІ съезінде алға қойған міндеттерді орындауға қоғамдық бірлестіктер де атсалысатын болады

ОРАЛ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезінде алға қойған міндеттерді орындауға қоғамдық бірлестіктер де атсалысатын болады. Бұл туралы осы съезге қатысқан облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» ХДП фракциясының жетекшісі, «Арту» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Тұманов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, осы мақсатта съезд өтісімен-ақ партия форумының құжаттарын тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары басталып кетті. Мәселен, «артулықтар» аталмыш мәселе бойынша Орал қаласындағы қоғамдық муниципалдық округтар басшылары мен белсенділерімен семинар өткізуде. Бұл орайда Елбасы Жолдауы мен партия құжаттарының маңызын бұқара халыққа жеткізіп қана қоймай, әркімнің оларды жүзеге асыруға нақты қатысуын айқындаудың маңызы зор. Қаладағы әр муниципалды округте өз жобасы жасалып, жұмыс тәсілдері қалыптаспақ. Түптеп келгенде, мұның бәрі халық белсенділігін көтеру арқылы дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырып, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын лайықты қарсы алуға негіз болмақ.
Соңғы жаңалықтар