«Нұр Отан» ХҚКО және салық қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды

«Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің сыпайылығы мен қызмет сапасы және рәсімдерді уақытылы орындауынан тұрғындардың мемлекеттік билікке жалпы қарым-қатынасы байланысты екенін мәлім. Осыған орай азаматтармен тікелей жұмыс істейтін Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен салық органдары қызметкерлерінің жалақысын арттыру қажеттілігі бар деп санаймыз»,-деді С. Ахметов.
Атап айтқанда, штаттық күнтәртібіне сәйкес, ХҚКО-ның қатардағы қызметкерінің орташа жалақысы 65 мың теңгені, еңбекпен қамту орталықтарында - 45 мың теңгені, салықтық органдарда - 60 мың теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіштер міндетті әлеуметтік төлемдер есептелмей келтірілген.
«Халықтың тұрақты өсімі жағдайында артып отырған жүктемені ескере отырып, сондай-ақ осы мекемелердегі кадрлардың тұрақтамауы секілді мәселені шешу, өз кезегінде білікті және тұрақты мамандардың жұмысын сақтауға және жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал етеді. Мемлекеттік қызметтерді атқаратын қызметкерлерде лайықты еңбек ақысы мен бастамашыл жұмысы үшін моральдік және материалдық ынталандырудың дамыған жүйесі болуы тиіс», - деп түйді С. Ахметов.