«Нұр Отан» кәсіпкерлерді қолдайды - БҚО

ОРАЛ. 30 маусым. ҚазАқпарат - 29 маусым күні «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалында кәсіпкерлерді мемлекеттік тұрғыдан қолдау шарасына арналған акция өтті.
None
None

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша мем­лекеттік қолдау алу мәселелерімен «Азаматтарды қабылдау­дың бір­­ыңғай күні» деген тақырыпта болған бұл шараға банк қызметкерлері, кәсіп­керлік­ті дамыту институттарының өкіл­дері қа­тысты.

Жиынды ашқан «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары Аққали Әубәкіров үдемелі индустриал­ды-инновациялық даму бағдарламасы ая­­сында биыл осымен екінші мәрте акция өткізіліп отырғандығын айтты. Шараның мақсаты - бизнес өкілдері арасында мемлекеттік қолдау бағытында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүзеге асыру.

- Биыл «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша облысымызға 1,2 млрд. теңге бөлініп отыр. Оның 800 млн. теңгесі жеке кәсіпкерлікті қол­дауға, қалғаны инфрақұрылым салуға бағытталмақшы. Ағымдағы жы­лы аталмыш бағдарламаға біраз өзге­ріс енгізілді. Соның бірі - кепілдіктің жаңа жүйесі. Мәселен, өз ісін жаңа бастап жатқандар енді экпресс-кепілдікті пайдалана ала­ды. Бұрын олар банкке қоятын кепіл зат­тың елу пайызын өздері тауып, қалғаны­на мемлекет қолдау жасаса, биыл мем­лекеттің қолдауы жетпіс пайызға жетті. Өткен жылдары сервистік қолдау тек бекітілген тізім бойынша жасалса, қазір ол алынып тасталды және оған ша­ғын кәсіпкерлікпен айналысушылармен қа­тар, орта бизнес өкілдері де қатыса алады. Сондай-ақ кәсіпкерлікті енді қолға алып жатқандарға 3 млн. теңгеге дейін грант бөлінеді. Ол үшін бизнес-жоба жаңашылдығымен ерекшеленуі тиіс, - деді өз сөзінде облыстық кәсіпкерлік жә­не өнеркәсіп басқармасының бөлім бас­тығы Галина Варфоломеева.

Соңғы жаңалықтар