«Нұр Отан» мен ШҚО Кәсіпкерлер палатасы ШОБ мәселелерін бірлесіп шешпек

Жүздесу барысында депутат «Нұр Отан» партиясы саяси доктринасының негізгі ережелері жайында әңгімеледі, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы мен Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ШОБ сараптамалық бағалау мәселелері бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын қарауда.
С. Ферхоның пікірінше, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрға жағдай туғызады, сондай-ақ кәсіпкердің әлеуметтік жауапкершілігі деңгейін арттырады.
Кәсіпкерлермен әңгіме барысында кедендік реттеу, тариф белгілеу, мемлекеттік сатып алу, өңірдің өзекті әлеуметтік мәселелері талқыланды.
Жүздесуді қорытындылай келе, Мәжіліс депутаты сайлаушылардың бүгінгі айтылған ұсыныстары мен тілектері назарға алынып, келешектегі депутаттық қызметте ескерілетінінін айтты, деп хабарлады ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.