«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысы болып өтті.

Бюрода «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары кандидатурасын қарау, алтыншы шақырылған Алматы қалалық Мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясының фракциясын құру, сондай-ақ, фракция жетекшісін ұсыну мәселелері қаралды.

Зәуреш Аманжолованың ҚР Мәжіліс депутаты болып сайлануына байланысты, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарлығына белгілі меценат, «Бауыржан» қорының негізін қалаушы Жұлдыз Омарбекова ұсынылды.
Бұл ұсынысты Бюро мүшелері бірауыздан қолдады. Өз кезегінде қала басшысы Бауыржан Байбек З. Аманжолова мен Ж. Омарбекованы жаңа қызметтерімен құттықтап, әйел азаматтардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі мен барлық саладағы жетекшілік рөлінің артып келе жатқандығын атап өтті.
«20 наурыздағы сайлау нәтижесі бойынша алтыншы шақырылған Парламент Мәжілісі құрамына енген 84 депутаттың 10-ы алматылықтар. Сонымен қатар, қаладағы 37 округтың 35-інде сайлаушылар «Нұр Отан» партиясының өкілдерін қолдады. Осыған орай, Аллматы қалалық Мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясының фракциясын құруға бас қосып отырмыз», - деді Б. Байбек.

Белгілі болғанындай, қалалық Мәслихатқа тұңғыш рет үш партияның - «Нұр Отан», «Ақ Жол» және «Ауыл» партиясының өкілдері еніп отыр. Депутаттар құрамы 65 пайызға жаңарды. Оның құрамында 30 жасқа дейінгі екі жас депутат бар. Әйел депутаттардың саны - 7, яғни бүкіл құрамның 20 пайызын құрайды.

Соңғы жаңалықтар
telegram