«Нұр Отан» партиясы «Айқын тариф» жобасын іске қосты
«Айқын тариф» жобасы табиғи монополия субьектілері қаржысы жұмсалуының бақылауын күшейтуге және инвестициялық бағдарламаларды дайындау мен жүзеге асыру үрдісі деңгейі мүмкіндігінің барынша ашық болуына қол жеткізуге бағытталған. Бұл жеке тұлғаларға арналған коммуналдық қызмет бағасы қалыптасуы деңгейінің ашықтығын арттыра түседі. Жоба бойынша жұмыс екі бағытта жүргізіледі деп жоспарланып отыр.
«Бірінші, табиғи монополия субьектілері қаржысының жұмсалуына бақылауды күшейту жоспарланды. Осыған орай, тәуелсіз кәсіби сарапшыларды қатыстыра және ашық тексерулер жүргізе отырып, коммуналдық қызмет көрсету саласындағы инвестициялық бағдарламалардың дайындалуы мен орындалуына байланысты азаматтық бақылаудың тетігі жетілетін болады», - делінген партияның таратқан мәліметінде.
Екінші бағыт монополист-компаниялардың жаңғырту мен тарифті өзгерту жоспарына орай тұрғындарды хабардар етуді үдете түсуді қамтиды. Оны іске қосу үшін қоғамдық бақылаудың құралдары пайдаланылады.
«Коммуналдық қызмет бағасы ұдайы өседі, осыған орай тұрғындарда бірқатар сауалдар туындайды. Тариф құрылымы айқындығының деңгейін көтеру үшін біз диалог алаңына сарапшыларды тартуды жоспарлаудамыз, ол жерде әлеумет пен монополист-компаниялар күрделі мәселелерге байланысты пікірлесе алатын болады», - деп түсіндірді мәселенің мәнісін «Нұр Отан» партиясының хатшысы Эльдар Сыздықов отырыс барысында.