«Нұр Отан» партиясы «Ең үздік қоғамдық қабылдауды» анықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының «Ең үздік қоғамдық қабылдау» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты шараға партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қатысты. Үздіктерді құттықтаған ол қоғамдық қабылдауды партияның маңызды құралы ретінде атап өтті. Бұның халықпен кері байланысты қамтамасыз етіп, мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетте тиімді тетік екенін және партияға өтінішпен келетін азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге үлкен септігін тигізетінін айтты.

Талдау нәтижелері көрсетіп отырғандай, бүгінде халықтың партияның қоғамдық қабылдауына келіп, өз өтініштерін білдіруі айтарлықтай артқан. Бұл - азаматтардың партияға деген сенімінің күшейе түскенін білдіреді. Мәселен, өткен жылы еліміз бойынша 97 мыңнан астам азамат қоғамдық қабылдауда болып, партиядан көмек сұраған. Ал биылғы 11 айдың өзінде бұл көрсеткіш 132 мыңды құрап отыр. Осы уақыт аралығында 30 мыңнан астам қабылдаулар өтіп, оған 53 мыңнан астам азамат келіп, жеке мәселелері бойынша өтініштерін білдірген. Аталған өтініштердің 39 пайызы оң шешімін тапты. Ал қалғандары бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.null

Іс-шарада сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары саяси ұйымның имиджі негізінен қоғамдық қабылдау қызметкерлерінің жұмысына байланысты екенін атап өтті. Ол осы институттың жұмысында ашықтық пен айқындылықтың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ, әріптестерін халық арасында туындаған мәселелерді барынша тез әрі тиімді шешуге шақырды.

«Бүгінде Елбасы, партия Төрағасының тапсырмасына сәйкес, партиямыздың қызметін жаңғырту жұмыстары қарқынды әрі жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осы жұмыстар арқылы партияны заманауи, бәсекеге қабілетті, тиімді, жоғары технологиялы саяси ұйымға айналдыруды көздеп отырмыз. Ең бастысы, біз елмен етене жұмыс істейтін нағыз халықтың партиясы екенімізді үнемі есте ұстауымыз керек. Бұл ретте қоғамдық қабылдаулардың маңызы зор. Өйткені партиямыздың қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері күн сайын халықпен тығыз жұмыс істеп, қоғамдағы өзекті мәселелерді нақты біледі. Сол арқылы олар партияның имиджін қалыптастыруға игі әсерін тигізеді. Тіпті халықтың бізге деген көзқарасы да, көп жағдайда, осы қоғамдық қабылдаулардың жұмысының нәтижесіне байланысты екені сөзсіз. Сондықтан бізге ашық және тиімді түрде жұмыс істеу аса маңызды. Партияға үлкен үмітпен келген әр азамат үнемі қолдау тауып, көмек алуы тиіс», - деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол партияны жаңғырту шеңберінде қоғамдық қабылдау қызметкерлері үшін ең өзекті деген кейбір міндеттерге тоқталды. Мәулен Әшімбаев оң шешілген мәселелердің деңгейін ұстап тұруды, ал қалған өтініштерге түсініктемелер мен кеңестер беруді ұсынды.

Жұмыстың екінші маңызды бағыты қоғамдық қабылдауларды цифрландыру. Әр адам өзінің партияға жасаған өтінішіне байланысты қолға алынған жұмыстарды бақылап отыруға жағдай жасалуы тиіс. Одан бөлек, өтініштерді электронды түрде тапсыру және оны Интернетте қадағалау қолжетімді болуы керек.

Партия Төрағасының Бірінші орынбасары «Сандық әлеуметтік мониторинг картасы» жобасына да назар аударды. Соған орай қоғамдық қабылдаулар қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалы туралы маңызды және тиімді ақпарат көзі болып табылады.

Халықтың партиядан көмек сұрап келгендегі көтеретін мәселелердің басым бөлігі әлеуметтік түйткілдер, жұмыспен және баспанамен қамту, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық салаларына қатысты. Солардың көпшілігі ізін суытпай, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде өткізілген мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, депутаттардың және заңгер мамандардың қабылдауларында шешілетінін де айрықша атап өткен жөн.

Сонымен қатар биыл республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің базасында «Заңгерлік көмек» партиялық жобасы сәтті жүзеге асырыла бастады. Бұл жоба бойынша әлеуметтік аз қамтылған жандарға кешенді түрде өтеусіз заңдық көмектер ұсынылады. Мұндай жоба еліміз бойынша алғаш рет қолға алынып отыр. Аталған бастама әдеттегі заңдық көмектерден өзгеше. Себебі, мұнда мамандардың кеңестерінен бөлек, істің басынан соңына дейін мұқтаж азаматтарға кешенді қызмет көрсетіледі. Соның нәтижесінде тек Астана қаласында адвокаттың қызметіне ақы төлеуге мүмкіндігі жоқ 57 азаматтың өтініші бойынша іс сотқа дейін жеткізіліп, мәселе оң шешімін тапты.

Қазіргі таңда еліміз бойынша 230-дан астам қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауына солардың бәрі қатысты. Нәтижесінде аймақтық партия филиалдары арасында бірінші орынды Алматы қалалық филиалы алды. Екінші орынға Павлодар облыстық филиалы табан тіресе, үздік үштікті Астана қалалық филиалы түйіндеді.

Ал аумақтық филиалдар арасында бас жүлде Түркістан облысы Мақтарал аудандық филиалына бұйырды. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық филиалы алса, үшінші орыннан Қостанай облысы Федоров аудандық филиалы көрінді.

Айта кетейік, жеңімпаздар өтініштерді өз мерзімінде қарау, оларды өз уақытында тіркеу, оң шешілген өтініштер үлесі, азаматтарды қабылдау және бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізу талаптары бойынша анықталды.

Сонымен бірге өзге де номинациялар бойынша жеңімпаздар белгілі болды. Атап айтқанда, «Ең үздік депутат» номинациясы бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Айзада Құрманова мен Артур Платонов жеңімпаз атанды. «Ең үздік мемлекеттік орган» аталымында Инвестициялар және даму министрлігі топ жарды. Ал «Қоғамдық қабылдаудың ең үздік қызметкері» атағы Республикалық қоғамдық қабылдау сарапшысы Бауыржан Қасабековке бұйырды.

Соңғы жаңалықтар