«Нұр Отан» партиясы мүшелерінің саны миллион адамға жуықтады

None
None
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің саны миллион адамға жуықтады. Бұл туралы бүгін партияның жаңа мүшелеріне партия билеттерін табыс еткен партия Хатшысы Ерлан Қарин мәлім етті, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

«Партия мүшелерінің саны ұдайы өсіп келеді, бұл еліміздің Президенті, біздің партия Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың бағытын қолдаушылар санының көбейіп жатқан куәландырып отыр. Бұны біз Елбасының жүргізіп жатқан саясатының мықты тірегі болу үшін жасаған қадамы деп қабылдаймыз.  Егер өткен жылдың басында партия мүшелерінің саны 800 мың болса, ағымдағы жылдың маусым айында ол тоғыз жүз мыңнан асып, миллионға жақындады. Тек соңғы бір жарым жыл ішінде партия қатарына 80 мың қазақстандық қосылды. Бұл біздің жақтастардың саналы қадамы, партияның жұмысымен, оның бағдарламалық ұстанымдарымен таныс бола отырып, партия қатарын толықтыру туралы шешім қабылдаған бұл азаматтарға біз өте ризамыз», - деп атап өтті Е.Қарин.

Партияның жаңа мүшелеріне партия билеттерін салтанатты табыс ету Астана күні қарасаңында өтті. Партия билеттері белгілі ғалым, реставратор Қырым Алтынбековке, скрипкашы-виртуоз Ордабек Дүйсенге, каратэ-до федерациясының вице-президенті Жасталап Санауовқа, еңбек сіңірген спорт шеберлері, Лондонда өтетін  30-Олимпиада ойындары жолдамасының иегерлері Евгения Шалыгинаға, Максим Раковқа және басқа да белгілі тұлғаларға салтанатты түрде табыс етілді. Олардың көпшілігі өздерін өткен сайлау науқанында партияның белсенді жақтастары ретінде көрсетті.

Қазақстанның саяси алаңында партия мүшелері санының осындай серпіні бірінші рет байқалып отыр, соңғы бес жыл ішінде нұротандықтардың саны шамамен екі есеге көбейген.

Партия мүшелері санының өсуі жаңа бастауыш партия ұйымдарының пайда болуына ықпал етеді, соңғы жылы олардың саны 90-ға дейін өсті және 6,4 мың ұйымды құрап отыр. Ірі бастауыш партия ұйымдарының базасында 13 аумақтық партия филиалдары құрылды. Олардың жалпы саны бүгінгі таңда 225 құрап отыр.

 

Соңғы жаңалықтар