«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі жартылай жаңарды

«Съезде аталған мәселені қарастыру ең алдымен партияның бірқатар өңірлік филиалдарындағы кадрлық өзгерістер мен жаңа басшыларының тағайындалуына байланысты. Бұған қоса, саяси кеңес партияның жоғары өкілдік органы ретінде халықтың және өңірлердің барлық қабаттарын тең ұсына отырып, біздің қоғамның құрамын паш етуі тиіс», - деді партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
Сонымен партияның саяси кеңесі құрамына мыналар кірді: «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің президенті Сауытбек Абдрахманов, «Бәтерек» ҰБХ» АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев, Олимпиада чемпионы Илья Ильин, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, гимнастшы Әлия Жүсіпова, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазы, «Нұр Отан» партиясы жауапты хатшысының міндетін атқарушы Болат Берсебаев.
Б.Байбектің атап өтуінше, партияның жоғары өкілдік органы 49 пайызға жаңарды.