«Нұр Отан» партиясы сайлауалды тұғырнамасының 20 % табысты іске асты

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ Парламент Мәжілісінің депутаттары және орталық мемлекет басшыларының қатысуымен жиын өтті. Онда партия сайлауалды тұғырнамасының 2013 жылғы бірінші жарты жылдықта іске асырылуы мен аймақтарда Саяси Доктрина жобасын талқылау жұмыстары қорытындыланды. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Басқосу барысында Вице-премьер Бақытжан Сағынтаев Қазақстанда макроэкономикалық тұрақтылық пен экономика деңгейінің 5-8 пайыздық деңгейге көтерілуі ең алдымен партия Сайлауалды тұғырнамасының арқасында қамтамасыз етілгенін айтты. «Ағымдағы жылдың сегіз айы ішінде Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 5,5 пайызға өсті. Жалпы алғанда, «Нұр Отан» партиясы Сайлауалды тұғырнамасындағы шаралары 20 пайыз іске асырылды», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Ал партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Съезд жобаларын нақты іске асыру бағдарламасын қамтамасыз етудің қажеттігін атап өтті. «Біз партияның тұғырнамасындағы сайлауалды уәделерімізді орындауда жүйелі тексеруді қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл ең басты мәселенің бірі болуы шарт. Сонымен қатар, алдағы уақытта жаңа доктрина қабылданғаннан кейін партияның барлық стратегиялық және бағдарламалық құжаттары «Қазақстан - 2050» стратегиясы бойынша үйлестірілу керек», - деді ол.

Еске сала кетейік, партияның жаңа тұғырнамасының түзетілген жобасы 18 қазанда өтетін XV Съездің Саяси кеңес бюросы мәжілісіне шығарылады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар