«Нұр Отан» партиясы сайлауалды үгіт-насихат барысында 88 мың түрлі шаралар өткізеді

«Нұр Отан партиясы үгіттеу жұмыстарына толықтай дайын. Са йлау науқанының стратегиясы әзірленіп, желілік кесте бекітілді. Онда 88 мыңға жуық шара өткізу жоспарланған. Оларды тиімді іске асыру үшін түрлі мақсаттағы топтарға арналған атаулы және әртараптандырылған жұмыстар жүргізілетін болады, - деді ол. - Үгіт-насихат жұмысына 60 мыңнан астам адам қатысады. Бұл республикалық және өңірлік штабтар мүшелері, 57 мың сенімді тұлғалар мен еріктілер бар».
Бұл ретте ол партия Мемлекет басшысы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс 17-ші съезде алға қойған барлық міндеттерді шешетінін мәлімдеді.
«Нұр Отан» - электоральдық емес партия, біз күнде жұмыс істейміз және бұл ретте халықпен жүйелі жұмыс жүргіземіз. Электоральдық кезеңде жұмыс барлық бағыт бойынша күшейтіледі», - деп қосты А. Мырзахметов.
Еске салсақ, кезектен тыс сайлау барысында ҚР Парламенті Мәжілісіне барлығы 107 депутат сайланады, олардың 98-і - партиялық тізім бойынша, тағы тоғызы - Қазақстан халқы Ассамблеясынан. Кезекті сайлау барысында биліктің жергілікті өкілді органдарына барлық деңгейдегі мәслихатқа 3 335 депутат сайланады. Облыстық - 550, қалалық - 625 және аудандарда - 2160.