18:09, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
«Нұр Отан» партиясы Семейде электрондық үкімет қалай жұмыс жасап жатқанын тексерді
СЕМЕЙ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау комитетінің тапсырмасымен Семейде электрондық қызметтерге жалпы қолжетімділік пункттері желісіне тексеру жүргізілді, оның нәтижесі бұл қызметтің халық арасында кеңінен танымал екенін анықтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қала әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы Алмасбек Бектемісовтің мәліметтері бойынша, 2007 жылдан бері Семейде Интернетке 18 жалпы қолжетімді пункт орнатылған. Олар қаланың әртүрлі аудандарында кісі көп жүретін жерлерде орналастырылған. Бір терминалға қызмет көрсетуге жылына 92 мың теңге қаржы жұмсалады. «Нұротандықтар» кез келген 5 терминалды тексерді. Инспекция барысында халықтың әуелкіде жаңалыққа тосырқай қарауы байқалса, қазір тегін Интернетті падаланушылар қатары көбейген. Семейліктер қала әкімінің қабылдау бөлмесіндегі электрондық түрде арыз-шағымдар берудің артықшылықтарын жоғары бағалауда.Қалада халықты компьютерлік сауаттылыққа үйрететін 18 сынып жұмыс істейді. Соңғы жыл жарым уақытта мұндай курстарда 10 мыңнан астам адам даярланды.