«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин ГФР-дің Қазақстандағы жаңа Елшісімен кездесті
деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, кездесу барысында Қазақстан-герман әріптестігін одан әрі нығайту және жандандыру мәселелері талқыланды. «Бүгінгі таңда екі ел арасындағы қатынастар қарқынды жүргізіліп келеді. Келесі жылы осы қатынастардың орнағанына 20 жыл толады. Олардың дамуына екі мемлекет басшылары серпін беруде. Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ГФР-ге ресми сапары 2009 жылғы ақпан айында болып өтті. Сапар барысында «Қазақстанның Германиядағы жылының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Өткен жылдың шілде айында ГФР-дің Федералдық Канцлері Ангела Меркельдің Қазақстанға алғашқы ресми сапары болған. Оның Астанадағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммитіне қатысқаны да маңызды оқиғаға айналды. Орталық Азияға қатысты Еуропалық Одақ стратегиясын әзірлеудің бастамашысы дәл осы ГФР болып табылатыны белгілі. Германия сондай-ақ еліміздің ЕҚЫҰ ұйымына төрағалығымызды қолдаған болатын»,- делінген баспасөз мәліметінде.
Сондай-ақ онда екі елдің жетекші саяси күштері де, яғни «Нұр Отан» ХДП мен Германияның Христиандық демократиялық одағы арасында берік қарым-қатынас орнағандығы айтылады.