«Нұр Отан» партиясына Азия саяси партияларының Халықаралық конфедерациясында табысты төрағалық еткені үшін алғыс айтылды

АНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - 11 ақпанда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының ХІІІ съезі өтеді. Оның алғашқы қонақтары да келе бастады.
None
None

Олардың қатарында - Азия саяси партияларының Халықаралық конфедерациясының төрағасы Хосе де Венесиа бар. Бүгін, съезд қарсаңында ол партия төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллинмен кездесті, деп хабарлады «Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметі.

Өткен жылы «Нұр Отан» партиясы Азияның осы беделді ұйымына төрағалық етті, оның даму қарқыны оның мүшелерінің тынымсыз өсіп отыруымен көрініс береді. Бүгінгі күні ұйым құрамында 52 елдің 318 саяси партиясы бар.

Хосе де Венесиа мырза Нұрлан Нығматуллинге табысты төрағалық үшін, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының ынтымақтастықты, Азия елдері арасындағы өзара түсіністік пен сенімді саяси партиялар арасында байланыстарды тереңдету арқылы дамытып отырғанына алғыс айтты.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллин ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстанның халықаралық аренада зор беделге ие бола бастағанын тілге тиек етті.

Өз кезегінде, Хосе де Венесиа біздің елдің, және оның президентінің тағаттылық, ұлтаралық ынтымақтастық пен конфессияаралық келісімді дамытуға қосқан үлесін да атап өтті.

Соңғы жаңалықтар