«Нұр Отан» партиясында халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізілуде

Елбасы Н.Назарбаев "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасын қабылдады. Аталмыш бағдарлама бойынша мониторинг жүргізу және оны жүргізу бағытында бірқатар міндеттер қойылды. Соған байланысты "Нұр Отан" партиясының барлық бөлімшелерінде осы бағдарламаны түсіндіру үшін бірыңғай қабылдау күні акциясы ұйымдастырылды. Ең басты мақсат - халыққа бағдарлама туралы ақпарат жеткізу, түйткілді мәселелерін бағдарлама шеңберінде шешуге тырысу" - дейді "Нұр Отан" партиясы орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов.
Оның айтуынша, қоғамдық қабылдауға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, халықты жұмыспен қамту орталықтары мен басқарма басшылары, елордадағы бірқатар кәсіпорындар өкілдері қатысуда.
"Біз осы шараның негізінде тікелей аталмыш бағдарламаны атқаратын органмен партиялық сұхбат алаңында табыстыруды шештік. Әрбір азаматқа еңбек мекемелеріне жұмысқа алу ықпалын жасап отырмыз" - дейді ол.