«Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы БАҚ өкілдерін марапаттады

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетау қаласында «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстың филиалы БАҚ өкілдерін марапаттады. Бұл туралы партияның баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Шара барысында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратбек Оспанов бес жылдан бері филиал тарапынан Мемлекет басшысының жүргізіп жатқан саясатын жүзеге асыруда белсенді ынтымақтастық орнатып және елеулі үлес қосып жүрген БАҚ өкілдерін атап өту дәстүрге айналғанын жеткізді.

«Елімізде ақпарат құралдарына деген құрмет жоғары. Қалам иелері қоғамдық пікір қалыптастырып, қоғамға бағыттар сілтеп, әлеуметтік ахуалды қалыптастырушы болып табылады», - деді ол. Марапаттау барысында «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Шыңғыс Тәшенов, «Қазақстан» ТРК» АҚ аймақтағы тілшісі Ерболат Төлегенұлы, «24KZ» телеарнасынан Сәуле Құсайынова және «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы тілшісі Бақберген Амалбековтің еңбегі жоғары бағаланды. Сондай-ақ аймақтың бірқатар БАҚ басшылары мен қызметкерлеріне түрлі аталымдар бойынша естелік сыйлықтар табыс етілді.

Шара барысында партияның облыстық филиалы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша үздік ұранға жариялаған байқауының қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде, қоғам қайраткері Зура Шуатаеваның жариялаған ұраны үздік деп танылды.

Соңғы жаңалықтар