«Нұр Отан» партиясының ХІІ съезінде партияның 2009-2012 жылдарға арналған Стратегиялық іс-қимыл жоспары бекітіледі

АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында партия жанынан құрылған «Абырой» қоғамдық-консультативтік кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.
None
None
Жиын барысында «Нұр Отан» ХДП 2009-2012 жылдарға арналған Стратегиялық іс-қимыл жоспарының жобасы талқыланып, кеңес мүшелерінің аталмыш жобаға қатысты пікірлері мен ұсыныстары әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жиынға жетекшілік еткен Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Дьяченко Кеңес отырысы партияның алдағы съезі қарсаңында ұйымдастырылып отырғанын айта келе, ХІІ съезде «Нұр Отанның» үшжылдық іс-қимыл стратегиясы қабылданатынын атап өтті. «Партия съезінің алдында біз партиялық жұмыстардың тиімді тармақтарын, перспективалы бағыттарды саралап алуымыз қажет. Сондықтан да «Абырой» кеңесінің отырысында «Нұр Отан» ХДП 2009-2012 жылдарға арналған іс-қимыл стратегиясын талқылау маңызды болып табылады. Өйткені осы Стратегия алдағы партияның съезінде бекітіледі деп күтілуде. Менің ойымша, мұндай құжат бізге партиялық ресурстарды тиімді жұмылдыруға, партиялық қызметтің құралдары мен тетіктерін қайта саралауға, сондай-ақ мемлекеттік дамудағы басым міндеттерді жүзеге асыру үшін біріге түсу жағдайына мүмкіндік береді», деді С. Дьяченко. Басқосуда 2009-2012 жылдарға арналған стратегия жобасы бойынша «Нұр Отан» партиясы Парламентаризм институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева баяндама жасап, құжатта қамтылған негізгі бағыттармен таныстырды. Жиын барысында Кеңес мүшелері «Нұр Отан» ХДП 2009-2012 жылдарға арналған Стратегиялық іс-қимыл жоспарына қатысты бірқатар ұсынымдар әзірледі. Бұл ұсыныстар «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының Саяси жұмыстар департаментіне ұсынылатын болады.
Соңғы жаңалықтар