«Нұр Отан» партиясының қатары толыға түсуде
деп хабарлайды партияның аймақтық филиалының баспасөз қызметі.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, мәжіліс барысында партияның облыс мәслихатындағы депутаттық фракциясының жетекшілігіне «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Маңғыстаудағы бөлімшесінің бас инженері, облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Табылды Әміров ұсынылды. Ал партия филиалының облыстық мәлихаттағы депутаттық фракциясының бұрынғы басшысы Бекмұрат Жүсіпов облыстық мәслихаттың хатшысы лауазымына тағайындалуына байланысты қызметінен босатылды. Бұл ұсынысты «Нұр Отан» партиясының облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының өкілдері бірауыздан қолдады. Сонымен қатар осы отырыс барысында «Нұр Отан» партясының қатары тағы бірқатар азаматтармен толықты.