17:06, 07 Шілде 2009 | GMT +5
«Нұр Отан» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты
денің 7-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Партия мүшелігіне өткендердің арасында іскер топ және БАҚ өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен қоғам, спорт қайраткерлері бар.
Партияның билеттерін «Нұр Отан» ХДП-ның Үкіметтегі өкілі Владимир Дворецкий табыс етті.
«Нұр Отан» - нақты істердің партиясы. Мемлекетті басқаруда өз үлесімізді қосып, өз сөзімізді іс жүзінде орындайтын партия екендігімізді дәлелдеп келеміз. Сондықтан «Нұр Отан» қатарына қосылуға ниет танытып отырғандар баршылық», - дейді В.Дворецкий.
«Сіздердің мемлекетті құру ісіне лайықты үлес қосатындарыңызға сенеміз», деп атап өтті ол.