«Нұр Отан» партиясының өкілдері мемлекеттік органдармен бірлесіп, электронды үкімет мәселесін талқылауда

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясында «Нұр Отан» партиясы мен республика кәсіпкерлері құқықтық Қазақстан үшін: электронды үкіметке қатысты мәселелер» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталмыш шараны «Нұр Отан» партиясы мен «Атамекен Одағы» Қазақстанның ұлттық -экономикалық палатасының өкілдері ұйымдастыруда. Отырыс барысында күн тәртібіне ұсынылып отырған мәселе жөнінде сөз қозғаған «Нұр Отан» партиясының Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Рахымбековтың айтуынша, Елбасы өткен жылы болған жемқорлыққа қарсы форумда электронды үкіметке қатысты жұмыстардың өте баяу жүріп жатқандығын айтып, бұл мәселеде нақты істен көрі пікір қайшылықтары мен өзара келісімге келе алмаушылық сипаттары басым екендігін атап көрсеткен. «Мемлекет басшысы электронды үкіметтің мүмкіндіктерін барынша кеңінен пайдалануды тапсырды. Бұл жұмыстарды Президент Үкіметке жүктеп, ал партия өкілдеріне оны қадағалауды міндеттеді», дейді төраға. Оның сөзінше, электронды үкімет заман қажеттілігі. Мұны жете түсінген көптеген елдер оның мүмкіндіктерін тиімді пайдалануда. Мысалы Австралияда тұрғындардың 75 пайызы қосымша құн салығын интернет арқылы төлейтін болса, Сингапурда бір ғана интернет порталында 150 мемлекеттік қызмет түрлері біріктірілген. Сондай-ақ АҚШ-тың федералдық қызметі жыл сайын құны 17 миллиард тұратын 4 миллионннан астам тауар сатып алу мен қызмет көрсетуге қатысты келісімдердің төлемдерін ғаламтор арқылы жүзеге асырады. Атап өтетін мәселе, осы жүйе арқылы олардың әкімшілік шығындары 4 есеге кеміген. «Электронды үкіметке қатысты назарға алынуы тиіс маңызды шаралардың бірі - аталмыш саланы реттейтін тиісті заңдар мен заңнамалық актілер қабылдау қажет. Біз осы жүйе арқылы еліміздің әрбір тұрғынының ешқандай әкімшілік кедергілерсіз барлық қажетті ақпараттар мен мемлекеттік қызметке қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз керек», деді Б.Рахымбеков.
Соңғы жаңалықтар