Nur Otan партиясының Республикалық сайлауалды штабы Алматы облысына келді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Nur Otan партиясының Республикалық сайлауалды штабы бүгін Алматы облысына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Инфраэнерго» электротехника өнімдерін шығаратын кәсіпорын ұжымымен кездесуде партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдығы талқыланды.

Осы күні сайлауалды штаб мүшелері БАҚ өкілдерімен, отандас-қандастармен және жастармен кездесті.

Алматы облысына сапары барысында «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бірқатар азаматты қабылдады.

Мәселен, қабылдауда Назерке Әбдіхалықова Райымбек ауданында емхана салу мәселесін көтерсе, Шонжы ауылынан келген көпбалалы ана Зағира Әлімқожаева салынып жатқан жалдамалы тұрғын үй санын арттыруды өтінді. Ал Амангелді Шәріпқұлов Айтей ауылы тұрғындарының электрмен жабдықтау мәселесін шешу жөніндегі өтінішін жеткізді.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Азаматтармен әрдайым тығыз байланыста болу – біздің партиямызға көрсетілетін таусылмас халықтық қолдаудың қайнар көзі». Жалпы, үгіт кезеңі басталғаннан бері біздің қоғамдық қабылдауларға 56 мыңнан астам өтініш түсті», - деді партияның Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматтарды негізінен келесі мәселелер толғандырады: әлеуметтік қамтамасыз ету - 22%, ТКШ - 17%, тұрғын үй мен жер учаскелерін бөлу - 12%, жұмысқа орналастыру және еңбек даулары - 8%, денсаулық сақтау - 6%, білім беру - 5% және т.б


Соңғы жаңалықтар