Нұр Отан» партиясының сарапшылар тобы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шараларын қарастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР ДСӘДМ-де ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Нуркинаның басшылығымен видеоконференцция тәртібінде «Нұр Отан» партиясы сарапшылар тобының «Нұр Отан» партиясы 2016-2020 жылдарға арналған «Қазақстан - 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының «Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобын жұмыспен қамту шаралары арқылы қолдау» бағыты бойынша отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс, Астана, Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, аймақтардағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

Отырыста сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстандағы еңбек нарығындағы жағдай туралы баяндады.

«Экономикалық ахуалдың төмендеуі жағдайында еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау мәселесінің өзектілігі арта түседі. Халықты жұмыспен қамту мақсатында мемлекет бірқатар шараларды, оның ішінде Жұмыспен қамту 2020 жол картасын жүзеге асырып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында аталған бағдарлама жаңғыртылған болатын. Қысқартылған жұмыс уақытына төленетін жалақыны (Германия тәжірибесі) уақытша субсидиялау, қызметкерлерді оқыту үшін жұмыс берушілерге гранттарды беру, жұмыс істейтін жастарды кәсіби оқыту арқылы жұмыс орындарын сақтау тетіктері жасалды.

Сонымен бірге, микрокредиттеу тиімділігін арттыру, қызмет көрсету саласындағы жұмыспен қамтуды ұлғайту арқылы жұмыс орындарын құру бойынша шаралар қарастырылған», - деп хабарлады ол.

Вице-министр 2016 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша экономикалық белсенді халық саны 8 млн. 907,2 мың адам болғанын мәлімдеді.

«Бүгінде экономикада 8 млн. 463,4 мың адам жұмыспен қамтылған. Экономикалық белсенді халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 95%-ға жетті. Жұмыс істейтін азаматтардың арасында жалдамалы жұмысшылар саны 6 млн. 235 мың адам немесе 74%, өздігінен жұмыспен қамтылғандар - 2 млн. 228,3 мың адам. Оның ішінде өнімді түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 1 млн. 809,6 мың, тиімсіз түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 418,7 мың адам. Жұмыссыздар саны 443,7 мың адам, жұмыссыздық деңгейі - 5% болып отыр. Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас) - 4,3%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық - 5,6%», - деп хабарлады Біржан Нұрымбетов.

2016 жылғы 1 маусымдағы мәліметтерге сай «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға 100,8 млрд. теңге бөлінді.

Бағдарламаға 56,7 мың адам, оның ішінде 39,8 мың жұмыссыздар (70,2%),  өздігінен жұмыспен қамтылғандар - 16,3 мың адам (28,7%), ішінара жұмыспен қамтылғандар - 589 адам (1%) қатысты.

Бағдарламаға қатысушылар арасында аз қамтылғандар саны - 2267 адам, мүгедектер саны - 1822 адам. 29 жасқа дейінгі жастар саны  48% (27069 адам), әйелдер - 49% (27571 адам).

«ЖҚЖК 2020» аясында 56677 азаматқа жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 37920 адам немесе 67%.

Бүгінгі күні 149 жобаны іске асыру басталды, 1938 жұмыс орны құрылып, оның ішінде 913 бағдарламаға қатысушылар болып отыр.

Екінші бағыттың аясында микрокредиттеуге 30,8 млрд. теңге бөлініп, 592 кредит берілді, уақытынан бұрын қайтарылған қаражат есебінен 402 кредит берілді. Барлығы 994 адам микрокредит алды.

Үшінші бағыт аясында кәсіби оқыту шараларымен 3930 адам қамтылды, оның ішінде жаңа қабылдаудан 3711 адам жұмысқа кірісті. Бұл жоспардың 62%-ы болып отыр. Өткен жылдан әрі қарай оқуын жалғастырушылар саны 219 адам. Оқуды 478 адам тәмамдап, оның 272 адамы немесе 57%-ы жұмысқа орналастырылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 10977 адам (жоспарланған көрсеткіштің 114,8%-ы) 54208 айлық орташа жалақы көрсеткішімен жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасына 6867 адам  (61%) жіберілді.

Жұмыс күші мол аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға 263 отбасы көшті (511 адам). 305 жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің 253-сі жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 248 адам (98%).

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы «ЖҚЖК 2020» жүзеге асыру үшін 32,8 млрд. теңге жұмсалған болатын: 1-бағытты (инфрақұрылымдық нысандарды жөндеу) іске асыруға 13,7 млрд. теңге (98%). Микрокредиттеуді ұйымдастыруға 10,4 млрд.теңге (31,7%), халықтың  мақсатты тобының жалақысын субсидиялау мен оларды кәсіби оқыту (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы) - 6 млрд. теңге, еңбек мобильділігін арттыру - 2,7 млрд. теңге (8,3%).

2015 жылы бағдарламаға 136 мың адам қатысты, «ЖҚЖК 2020» аясында 588 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, 6 мыңнан астам адам өз бизнесін ашу мен ұлғайту мақсатында  микрокредит алды, олар 6,1 мың қосымша жұмыс орындарын ашты. 14 мың адам тегін кәсіби оқытуға жіберілді, 24,5 мың адам мемлекет субсидиялаған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 1,2 мың адам жаңа мекен-жайға көшірілді. Оларға тұрғын үй беріліп, жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. 

Соңғы жаңалықтар