«Нұр Отан» партиясының саясаты жұртшылық мойындаған саясат болғандықтан, ол өзіне лайықты биіктен көрінеді деген ойдамын - Н.Оразалин
20 жыл бойы ұлтымыздың, халқымыздың көшін бастап келе жатқан лидерінің арқасында «Нұр Отан» партиясы алдағы болатын сайлауларда жеңіске жетеді деген ойдамын», - деді бүгін Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Нұрлан Оразалин журналистерге берген сұхбатында.
«Нұр Отан» партиясы оның көшбасшысы жүргізіп отырған саясат Қазақстан жұртшылығы мойындаған саясат болғандықтан ол өзіне лайықты биіктен көрінеді деген ойдамын. Н.Назарбаев мәдениет саласына, әдебиет саласына, жалпы өнердің қай саласына болмасын үлкен қамқорлық көрсетіп келе жатқан партиямыздың көшбасшысы»,-деді Н.Оразалин.
Оның сөзіне қарағанда, Елбасының да, «Нұр Отан» партиясының да әдебиет пен өнерге көрсетіп отырған қолдауы аз емес. «Әдебиетте «Алтын қалам» жобасының арқасында 40-қа тарта кітап дүниеге келді. XX ғасырда біздің әдебиетімізді жасаған ұлы тұлғаларымыздың барлығының еңбектері осы «Нұр Отан» партиясының, соның басшылығының қолдауымен жарық көрді. Бұл игі істі «Самұрық-Қазына» жалғастырды. Осындай дүниелердің барлығы өнер саласында да, әдебиет саласында да бар. Сондықтан алдағы сайлауда «Нұр Отан» партиясының өкілдері Парламенттен қажетті орнын алады деген ойдамыз»,-деді басқарма төрағасы.