«Нұр Отан» партиясының үгіт-насихат науқаны флешмобтан басталды (ФОТО)

«Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырған шара Астанада «Бәйтерек» монументінің алдында өтті.
«Флешмобқа дайындықты біз дүйсенбі бастадық. Дайындық үш күнге созылды. Оған 500-ге жуық адам қатысты. Олардың ішінде 300 белсенді қатысса, 200-і бізге қосылды. Олар Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚазАТУ және Астана медициналық университетінің студенттері», - деді режиссер, флешмобтың қоюшы-хореографы Әсет Көпбаев.
Еске салсақ, депутаттыққа үміткерлерді сайлау алды үгіттеу республикада бүгін, 20 ақпанда басталды. Ол 18 наурызға сағат 24.00-ге дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, кезектен тыс сайлау барысында ҚР Парламенті Мәжілісіне барлығы 107 депутат сайланады, олардың 98-і - партиялық тізім бойынша, тағы тоғызы - Қазақстан халқы Ассамблеясынан. Кезекті сайлау барысында биліктің жергілікті өкілді органдарына барлық деңгейдегі мәслихатқа 3 335 депутат сайланады. Облыстық - 550, қалалық - 625 және аудандарда - 2160.