13:59, 11 Ақпан 2011 | GMT +5
«Нұр Отан» партиясының XIII съезіне қатысушылар кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде Н. Назарбаевты ұсыну туралы қаулы қабылдады
АНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының XIII съезіне қатысушылар 2011 жылы 3 сәуірде өтетін кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде партия төрағасы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты ұсыну туралы қаулы қабылдады.
Жиын барысында сөз алған «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин съезд барысында кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде Нұрсұлтан Назарбаевты ұсыну туралы ұсынысты жиынға қатысушылардың барлығы қолдағандығын айта келе, осы мәселеге байланысты тиісті қаулы қабылдауды ұсынды. Қаулыны жиынға қатысушылар бірауыздан қолдады.