«Нұр Отан» партиясының жаңа Бағдарламасын әзірлеуде халықтың өтініш-пікірлері ескеріледі
Бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында партияның Парламентаризм институтының директоры, бағдараламаны жобалаушылардың бірі Болат Байқадамовтың айтуынша, «Нұр Отан» сынды партияның саяси қызметінің үдерістерін жобалау - интерактивті болуы тиіс. Сондықтан партия қоғаммен байланыс қадамына әдейі, саналы түрде баруда.
«Бұл партияның алдағы онжылдық бағытын айқындайды. Себебі «Нұр Отан» - халықтық, демократиялық саяси күш», деді Болат Байқадамов.
«Отандастар» акциясы «Нұр Отан» партиясының саясатының үстінен қоғамдық бақылау, реттеу жүргізудің бір әдісі болып табылады. Аталмыш республикалық шара бағдарлама жобасына лигитимді сипат береді. Құжат қағидаттарын орындау міндеті тек партия мүшелеріне ғана емес, мемлекеттік органдарға да қойылатын болады», деп атап көрсетті Б. Байқадамов.
Шара барысында халық көп жиналатын орындарда, мекемелерде ұсыныс парақшалары таратылатын болады. Жиналған өтініш-пікірлерді Бағдарлама әзірлеушілері қолданады және аймақтар бойынша проблемалық карта жасауға септігін тигізбек. Бағдарламаның жеріне жеткізе әзірлеу мақсатында ел ішінде дөңгелек үстел мен кездесулер өткізіледі.