«Нұр Отан» партиясының жаңа Доктринасы қабылданды

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХV съезінде партияның жаңа Доктринасы бірауыздан қабылданды.
None
None
Айта кетейік, аталған құжатта «Нұр Отан» партиясының XXI ғасырдағы негізгі миссиясы көрсетілген. Онда Қазақстанды өркендету басты идея болса, Тәуелсіздік еліміздің негізгі жетістігі ретінде қарастырылады. Ал адам, бостандық, бірлік, әділеттілік, заңның үстемдігі, болашаққа ұмтылыс, отбасы және дәстүр басты құндылықтар болып саналады. Сондай-ақ партияның жаңа Доктринасында табысты дамудың жеті факторы бар.
Соңғы жаңалықтар