11:44, 25 Қараша 2011 | GMT +5
«Нұр Отан» партиясының жаңа платформасын орындау партиялық басшылықтың қатаң бақылауында болуы тиіс - Н. Назарбаев
ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов / - «Нұр Отан» партиясының жаңа платформасын орындау партиялық басшылықтың қатаң бақылауында болуы тиіс.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс сьезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
Осы орайда Мемлекет басшысы партияның Орталық аппаратында маңызды бағыттар бойынша және индустрияландыру жобалары тұрғысында әлеуметтік жаңғырту, тұрғын үй саясаты, жастармен, ардагерлермен жұмыс, сондай ақ үкіметтік емес ұйымдармен іс-қимыл тұрғысында кураторлар институтын құруды ұсынды.