«Нұр Отан» тілдерді дамыту бағдарламасын талқылады
Осыған орай өткен арнайы «дөңгелек үстел» отырысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік дамыту қорының директоры Азат Шауеев атап көрсеткендей, Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы - еліміздің негізгі төрт бағдарламасының бірі. Бүгінгі таңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған бағдарламаға ерекше мән беріп келеді. «Сондықтан біз бағдарламаның жобасын жан-жақты зерделеп, қазақ тілін еліміздегі ұлтаралық татулық пен бірліктің негізгі факторына айналдыруымыз қажет», - деді А.Шауеев.
Отырыс барысында мәлім болғандай, Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында қазақ тілін білетін қазақстандықтардың үлесін 60 пайыздан 95 пайызға дейін көтеру көзделіп отыр.