«Нұр Отан» жемқорлықпен күресте жеңіп шығу үшін бар күш-жігерін жұмсайды - Н. Назарбаев

None
None
АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -«Нұр Отан» партиясы жемқорлықпен күресте жеңіп шығуы үшін бар күш-жігерін жұмсайды.
Бүгін «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІ съезі барысында сөз сөйлеген партия Төрағасы, Мемлекет басшысы Н. Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі күні «Нұр Отан» Үкіметке және мүдделі органдарға сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесінде белсенді көмек көрсетіп отыр. Осындай жұмыстардың нәтижесінде 900-ге тарта шенеуніктер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Солардың ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. Қоршаған ортаны қорғау министрі мен оның орынбасарларының барлығы заңды бұзу жағында болғаны да қоғамды дүрліктірді. Түрлі мерзімдерге сотталған «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы» басшылары да кезінде министр лауазымында болды, оларға не жетпеді. Сондықтан да, сыбайлас жемқорлықпен күрестегі жұмысты «Нұр Отан» белсенді түрде жалғастыруы тиіс. Біз жемқорлықпен күресте жеңіп шығу үшін бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз», - деді Н. Назарбаев. Сондай-ақ заңды бұзып сыбайластыққа баратындар барлық мемлекеттік қызметкерлердің 1 пайызына да жетпейтінін айтқан Елбасы, «қалған 99 пайыздан астам шыншыл азаматтар жемқорлыққа қарсы күресте үлес қосулары керектігін» атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
telegram