«Нұр Отанда» зорлық-зомбылыққа қарсы ұлттық алдын алу тетігін құру мәселелері талқылануда

Онда «Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетігін құру» мәселесі талқылануда.
Тоқтала кететін жайт, 2008 жылдың қазан айында Қазақстан Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясына Хаттаманы ратификациялаған болатын. Бұндай халықарлық хаттама азаптауларға қарсы ұлттық алдын алу тетігін құруды қатысушы мемлекеттердің баршасына жүктейді. «Факультативтік хаттама - бұл халықаралық құқықтың аса «жас» тетігі болып табылады, алайда ол өзіне ондаған жылдардың оңтайлы тәжірибесін қамтып отыр. Ал Азаптауларға қарсы БҰҰ жанындағы комитет халықарлық деңгейде жұмыс істесе, мұндағы ұлттық алдын алу тетігі - мемлекеттік деңгейде қамтылуы шарт. Ондай тетік аясында қатысушылар жабық мекемелерді аралауға бірден бір құқық алады», - дейді жиын барысында Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» ХДП комиссиясының төрағасы Рахмет Мұқашев.
Еске сала кетейік, отырысқа комиссия мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар және халықаралық ұйым өкілдері қатысуда.