«Нұр Отанның» 2020 жылға дейінгі бағдарламасының алғашқы нұсқасы әзірленді - Е.Қарин

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның бас кеңсесінде «Халықтың бірлігі - елдің табысты дамуының кепілі: этникааралық келісімді дамытудағы партияның басымдықтары» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Партия хатшысы Ерлан Қариннің төрағалығымен ұйымдастырылған отырыс барысында «Нұр Отанның» 2020 жылға дейінгі бағдарламасы талқыланып, оның еліміздегі ұлтаралық келісім идеясымен үйлестіру мәселесі қаралды. Е.Қарин атап көрсеткендей, партия бағдарламасы Қазақстанның саяси-экономикалық өсуін ғана емес, елдің рухани дамуын да қамтуы тиіс. «Осыған орай құрылған арнайы жұмыс тобы соңғы бірнеше ай бойы жұмыс істеп, біздің талқылауымызға бағдарламаның алғашқы нұсқасын ұсынды. Әрине, бұл құжаттың жетілдіретін тұстары аз емес. Ең бастысы, халықтар достығы мен мемлекеттік тілді дамытуға арналған баптарды жан-жақты зерттеп, толықтыру қажет. Сол себепті біз бүгін арнайы жиналып, тиісті ұсыныстар мен толықтыруларды талқылауды көздеп отырмыз», - деді Е.Қарин.

Соңғы жаңалықтар