18:03, 13 Шілде 2017 | GMT +5
«Нұр Отанның» елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің бұйрығымен партияның Астана қалалық филиалы төрағасы Ә.Исекешевтің ұсынысымен филиал төрағасының бірінші орынбасары болып Бақыт Сапаров тағайындалды, деп хабарлайды elorda.info .

Бақыт Аманжолұлы 1970 жылы 4 сәуірде Щучинск қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ, үш жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1997 жылы «Старт» ЖШС-да бас директор лауазымынан бастады.
2008 жылы Көкшетау қаласының әкімі.
2010 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі.
2012 жылы «Индустриялық-инновациялық даму» Қазақстан қорының вице-президенті.
2017 жылдан бастап, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары қызметінде болды.