«Нұр Отанның» Кәсіпкерлікті қолдау республикалық қоғамдық кеңесіне жаңа төраға тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының қаулысымен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады nurotan.kz.

Мейрам Пішембаев - Семей зоотехникалық мал дәрігерлік институтын бітірген, экономика ғылымдарының докторы.

1989 жыл мен 2004 жылдар аралығында «Ақсу» АҚ басқармасының төрағасы, Қазақстандағы «Роснефть» компаниясының өкілдігі басқармасының басшысы, «Қазмұнайком» ЖШС вице-президенті, Павлодар ПМҚЗ-да «Қазақойл» ҰК ЖАҚ бас менеджері қызметтерін атқарды.
2004-2006 жылдары «Қазақсельмаш» корпорациясы ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстан мәшине құрылысшылары одағы» ЗТБ басқармасының төрағасы болды. 2007 жылдан бері ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты.
Айта кетейік, Республикалық кеңестің міндеті - отандық кәсіпкерлікке бәсекелестікті арттыру жөніндегі партияның, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бизнестің, қоғамдық бірлестіктер мен меморгандардың күш-жігерін жұмылдыру. Кеңес тұжырымдамалық ұсыныстарды, отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі нақты кәсіби шешімдерді пысақтау үшін қоғамдық сұхбаттасу алаңына айналуды көздейді.

Соңғы жаңалықтар
telegram