"Нұр Отанның" Орталық аппараты мен лауазымды полицейлер БҚО-да көшпелі қабылдау өткізді

ОРАЛ. 12 мамыр. ҚазАқпарат - 11 мамыр күні Батыс Қазақстан облысында «Жолдағы қабылдау» іс-шарасы Орал-Чапаев күре жолында ұйымдастырылды.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, шараға «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов, ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі Николай Калашников бастаған лауазымды қызметкерлер қатысты.

«Жолдағы қабылдау» көлігі Ақжайық ауданының орталығында болып, аудандық мәдениет үйінің фойесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында көлік жүргізушілері сауалнамаларды толтырды. 20 сұрақтан тұратын сауалнамада жол полициясының жұмысын бағалау көзделген. Сондай-ақ жол сақшыларының азаматтармен қарым-қатынас кезінде өздерін қалай ұстайтындығы, жол ережесін бұзушылардың бәріне бірдей шара қолданыла ма, жоқ па деген бағыттағы сұрақтар берілген.

Акция аясында Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімінің басшылығы тарапынан байқау өткізілді. Атап айтқанда,  «Үздік жүргізуші» аталымы бойынша Нұрболат Таржыманов, ауданның «Үздік автомектебі» атағын жүргізушілер даярлайтын Ғабдулхамит Аймұқанов, «Жүргізуші кадрларды даярлаудағы үздік мұғалім» аталымы бойынша Самиғолла Мұқанов жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарға алғысхаттар табысталды.

Соңғы жаңалықтар