«Нұр Отанның» Стратегиялық жоспары әлемдік дағдарыстың жағымсыз салдарын еңсеруге, болашақта жалпыұлттық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталады

АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -«Нұр Отан» ХДП 2009-2012 жылдарға арналған Стратегиялық іс-қимыл жоспары әлемдік дағдарыстың жағымсыз салдарын еңсеруге,
None
None
болашақтағы жалпыұлттық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталады. Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен «Абырой» қоғамдық-консультативтік кеңесінің отырысында аталған Стратегия жобасымен таныстырған «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Партияның жаңа Стратегиясын әзірлеу әлемдік дағдарыс барысындағы Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуының объективті жағдайларына байланысты туындап отыр. Әлемдік экономикадағы ғаламдық дағдарыс барлық елдердегі секілді Қазақстанға да біршама әлеуметтік салмақ түсіруде. Әлемде қалыптасқан жаңа жағдай дүниежүзілік дамудың өзіндік сатысын енгізіп келеді. Осының барлығы мемлекеттің, қоғамның жаңа кезеңде дамуы үшін стратегиялық және тактикалық қадамдарын жаңартуға, қайта қарастыруға жетелейді. Бұл бағытта пайдаланылатын ресурстар мен перспективалық дамуға жету тетіктері қайта қарастыруды талап етеді. Осы мақсатта «Нұр Отан» ХДП 2009-2012 жылдарға арналған Стратегиялық іс-қимыл жоспарының жобасы әзірленіп отыр», - деді Ж. Құсманғалиева. Оның айтуынша, әлемдік дағдарыс әсеріне қарамастан партияның бұдан бұрын бекітілген миссиялары өзгеріссіз қалатын болады. Бұл бағытта мемлекет пен қоғамды дағдарыстан сапалы деңгейде алып шығу, экономиканы одан әрі дамыту, елімізді әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кірістіру шаралары жалғасын табады. «Нұр Отан» партиясы осы мақсатта стратегиялық бағыттың негізгі белестерін бағындыру үшін жаңартылған бірқатар қадамдарға бастамашы болып отыр. Сонымен бір мезгілде, партия әлеуметтік сала бойынша халық алдында өздері жариялаған міндеттемелерді толық орындап, бұның елдегі экономикалық жағдайға қарамастан жүзеге асатынын баса назарға алады. Сондай-ақ партияның алдағы үш жылға арналған Стратегиялық жоспарының тұжырымдамалы негізі ұлттық бірлік, тұрақтылық пен келісім мәселелерін өзекті ретінде қамтып отыр. Бұндай Елбасының айқындаған идеологиялық бағыты жалпы қоғам дамуы үшін маңызды шаралар болып қала береді», - деді Ж. Құсманғалиева. Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» ХДП 2009-2012 жылдарға арналған жаңа Стратегиялық іс-қимыл жоспары партияның алдағы уақытқа жоспарланған ХІІ съезінде қабылданады деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар