Нұр-Сұлтан әкімінің жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесшісі тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұл лауазымға Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, «Астана – адалдық алаңы» жобалау кеңсесінің басшысы Мирас Шекенов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жобалау кеңсесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Мирас Шекенов «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында өткен жылдан бері тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою, қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау мәселелерімен айналысып келген.

Белгілі болғандай, Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің және елорда әкімдігінің бастамасымен 2018 жылдан бері алғаш рет «Астана – адалдық алаңы» жобасы іске қосылған еді. Бұл шара еліміздің барлық аумағына кеңінен тарады.

Мирас Шекенов осымен қоса қала әкімінің сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болған.


Соңғы жаңалықтар