Нұр-Сұлтан қаласы 1,5 ай бойы «қызыл» аймақта тұр

«Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа қатысты ахуал тұрақсыз болып тұр. Қала 1,5 ай бойы «қызыл» аймақта. Күніне 300-ден 600-ге дейін жағдай тіркеледі. Осы жылдың басынан бері қала бойынша ауырғандардың саны 26 мыңнан асты, пандемия басталғаннан бері 44 562 жағдай тіркелді. Оның ішінде 29 338 симптомы бар және 15 224 симптомсыз. Соңғы 6 күнде қалада 100 мың тұрғынға шаққанда апталық сырқаттанушылық көрсеткіші 320-дан 285-ке дейін аздап төмендегені байқалды. Мәселен, бір апта ішінде Covid-19 ықтимал оқиғаларымен 3 371 жағдай тіркелген. Сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы аптадан 11 пайзға төмен. Алдыңғы аптада ықтимал оқиғалармен 3 808 жағдай тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш – 283,6, репродуктивтілік саны - 0,95», - деді ол елорда әкімдігінде өткен брифингте.
Бас мемлекеттік санитар дәрігердің дерегінше, өткен тәулікте 584 бастапқы жағдай тіркелді. Симптомдары бар - 462, симптомсыз – 122 жағдай.
«Қазіргі уақытта белсенді ошақтар саны - 2 553, оның ішінде үй ошақтары – 1724, ұйымдастырылмағандар арасында - 824. Медициналық бақылауда 5 572 байланыста болған адам бар», - деді Сархат Бейсенова.