09:07, 18 Маусым 2021 | GMT +6
Нұр-Сұлтан қаласы әлі «қызыл» аймақта тұр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
«Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.