08:25, 23 Желтоқсан 2021 | GMT +5
Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймаққа енді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 23 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

«Қызыл» аймақта: ешбір облыс жоқ
«Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.