16:00, 15 Шілде 2020 | GMT +5
Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қызметінен кетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәуле Қисықованың қызметінен кеткенін Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында растады.
«Оның міндетін уақытша Әлия Рүстемова атқарады», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.
Сәуле Қисықова Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы қызметіне 2019 жылдың тамызында келген.
Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Сәуле Қисықова Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы қызметіне тағайындалған.