Нұр-Сұлтан мен Алматының экологиясын жақсартатын жол картасы әзірленді
Қазір бұл жоба Үкімет қарауында.
Карта бірнеше блоктан тұрады:
1-блокта көмірмен энергия шығаратын кәсіпорындардың зиянды заттарын азайту. ЖЭО-2, ЖЭО-3 орталықтарын қайта жаңғырту, газ құбырларының құрылысы, су жылыту қазандықтарын ауыстыру, Алматыны газдандыру, жеке тұлғаларға электр энергиясының түнгі тарифін өзгерту қарастырылған.
2-блокта ауа циркуляциясының бұзылу қаупінің алдын алу. Қаланың сәулеттік бейнесіне, бас жоспарына жел режимін ескере отырып өзгеріс енгізу.
3-блокта ағашты кесу мәселесіне қоғамды белсенді араластыру, кесілген ағаштардың орнына өтем ретінде ағаш отырғызу тетігін қайта қарау, жасыл желектің паспортталуын жүргізу.
4-блокта автокөліктердің зиянды заттарын шектеу, техникалық бақылау қызметінің операторларына талапты күшейту, Алматы мен Нұр-Сұлтанда зиянды заттарды бақылау және талдауға мүмкіндік беретін зертханаларды салу, дизельдік отынмен жүретін қалалық автобустарды пайдалануға кезең-кезеңімен тыйым салу, «Сергек» камералары арқылы Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласына кіріп шығуға рұқсат жүйесін жасау, электромобильдерге бөлек тегін тұрақ орындарын ұйымдастыру көзделген.