18:10, 04 Сәуір 2021 | GMT +5
Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты елордада ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті 5 сәуір күні шаһарда қалың тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертеді.
«Қазгидромет» РМК дерегіне сенсек, циклон солтүстік-шығысқа ығысып, ел аумағының басым бөлігіне ықпалын тигізеді. Кей жерлерде жауын-шашын жауады.
Солтүстік-батыста – жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл соғады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдайды.
Еске сала кетейік, елімізде қолайсыз ауа райына байланысты 7 өңірде ескерту жарияланған болатын.