13:31, 23 Наурыз 2022 | GMT +5
Нұр-Сұлтанда қала маңына қатынайтын сегіз автобус тоқтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауына байланысты астана маңына қатынайтын кей автобустар жүрмей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

IKomek жедел қызметі таратқан мәліметке сенсек, қала маңына қатынайтын № 305, 308, 309, 312, 315, 316, 317, 318 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылған.
Басқа маршруттар линияда жүр.
Айта кетейік, кеше күндіз қала маңына жолаушы тасымалдайтын № 315, 316 автобустары да жүрмей қалған болатын.
Еске сала кетейік, кешеден бері елорда мен Ақмола облысында боран соғып тұр.
Осыған байланысты бүгін 12.30-дан бастап астанадан Щучинскіге және Павлодар облысына баратын жолдар жабылды.