Нұр-Сұлтанда қандай жағдайда карантин талаптары күшейтіледі

«Карантинді күшейту мәселесі қаладағы жағдай нашарласа қарастырылады, қазір бізде тұрақты түрде КВИ-мен ауырудың жоғары көрсеткіші бар, бірақ нашарлау, ушығу жоқ. Егер жағдай нашарласа, әрине экономикалық нысандардағы белгілі бір шектеу іс-шараларын қатаңдату жөнінде қаулы шығару қаралатын болады. Бұл мәселе қаладағы эпидемиологиялық ахуал нашарлаған кезде ғана қаралады», - деп жауап берді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елордадағы эпидемиологиялық жағдайды шілде айындағы ауыр кезеңге теңеген еді.
Коронавирус инфекциясы науқастарының өсімі Наурыз мейрамынан кейін байқалды. Астаналық дәрігерлер мен барлық медициналық қызметкерлер қайтадан екі есе жүктемеде жұмыс істеп жатыр.
КВИ-мен күресу үшін 11 стационар ұйымдастырылды, оның ішінде 10 инфекциялық, бір карантиндік стационар («Ramada Plaza» қонақ үйі базасында) бар. Қосымша үш ұйымның базасында 300 инфекциялық төсек-орын ашылуы мүмкін.