Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша ахуал қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа шалдыққан 11 адам реанимацияда жатыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап.
None
None

Т.Мұратовтың мәліметінше, биылғы 22 маусымнан бері коронавирус инфекциясының таралуы өршіді.

«145 адам инфекциялық стационарларда жатыр. Төсек орындарының жүктелуі 36,8% құрайды. Реанимация бөлімшесінде 11 пациент ем алуда, оның ішінде ИВЛ аппаратында – 0, жүктемелігі - 21,5%. Соңғы үш аптада орташа есеппен тәулігіне 100 жағдай тіркеліп, 12 адам ауруханаға жатқызылады», - деді ол.

Басқарманың басшысы барлық санитарлық нормаларды сақтауға, вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге шақырды.

Қазіргі уақытта елордада 7 инфекциялық стационар жұмыс істейді, олардағы төсек-орын қоры – 394, оның ішінде КВИ емдеуге арналған 51 реанимациялық төсек-орын жабдығы бар.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елімізде коронавирусқа қатысты ахуал күрделене түскенін айтты.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың мәліметінше, вирус көп таралып жатқан Алматы мен Шымкент қалалары қатарында Нұр-Сұлтан да бар.

Өткен бір тәулікте коронавирус 1470 адамнан анықталса, ең көп науқас Алматы (494) және Нұр-Сұлтанда (423) тіркелді. Дегенмен, елорда өзге барлық өңірмен бірге эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында «жасыл» аймақта орналасқан.




Соңғы жаңалықтар
telegram