Нұр-Сұлтанда соғыс батырларын еске алу шеруі онлайн өтеді

Акция Жаужүрек полк бірыңғай ақпарат платформасында және танымал әлеуметтік желілердегі аккаунттарында өткізіледі.
«Мұнда акцияға қатысушылар туралы бірыңғай деректер банкі және қазақстандық қатысушылар мен соғыс ардагерлері туралы архив ақпараты мен тарихи анықтамалар қалыптасады. Платформа сервисі ниет білдірген әр адамға өз туыстары туралы қажетті деректерді қалдыруға және оларды келесі жылдары акция өткізу кезінде пайдалануға мүмкіндік береді», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, биыл Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне арналған әскери парад ұйымдастырылмайды.
Қорғаныс министрлігі мұны бюджет қаражатын үнемдеу үшін, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты деп түсіндірді.
Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасы 7 және 9 мамыр күндері мерекелік отшашу болмайтынын хабарлады.