13:32, 17 Тамыз 2020 | GMT +5
Нұр-Сұлтанда жол-көлік апатынан бірнеше адам ауруханаға түсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада мас жүргізушісі жол апатын жасап, бірнеше адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, кеше, сағат 23.55-те орташа деңгейде мас болған 29 жастағы жүргізуші «Lada» көлігімен Момышұлы даңғылымен келе жатып, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Соның салдарына қарсы беттегі «Hyundai Sonata» көлігімен соқтығысқан.
«Жол-көлік апаты салдарынан «Hyundai Sonata» көлігінің 26 жастағы жүргізушісі және «Lada» көлігінің жолаушылары түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр»,- деді департаменттің баспасөз қызметінен.