Нұр-Сұлтаннан шыққан жолаушылар автобусы Қызылорда трассасында тұрып қалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – «Қызылорда-Жезқазған» трассасында қалып қойған автобус жолаушылары құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алты адам мінген жолаушылар автобусы қозғалтқыштың істен шығуынан «Қызылорда-Жезқазған» тасжолының 210-шақырымында жол жиегінде тұрып қалған.

Автобусты Қызылорда облыстық Полиция департаменті патрульдік полиция ротасының инспекторлары Бауыржан Ағыбаев пен Мейрамбек Өтеуов қызметтерін атқару барысында байқаған.

«Жолаушылар автобусының қозғалтқышы істен шығып, тоқтап қалғаны анықталды. Салонда барлығы алты адам болған. Жолаушылар автобусы Нұр-Сұлтан қаласынан шығып Түркістан облысының Жетісай қаласына бет алып бара жатқан екен. Полицейлер бұзылған автокөліктің жүргізушілері мен жолаушыларын тамақпен қамтамасыз етті. Бұзылған автокөлікті Қызылорда қаласына дейін жеткізуге қол ұшын созды», - деді Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, Қызылорда облысында екі күн бойы есігі жабық пәтерде ес-түссіз жатқан қария құтқарылған болатын.


Соңғы жаңалықтар